Інкәр жүрек

 

с.,ә И.Сапарбай

Неге қарадың, толқып жанарың
Жоқ қой амалым дедің бе
Еркімді алдың ғой, үнсіз қалдың ғой
Салмақ салдың ғой көңілге
Еркімді алдың ғой, үнсіз қалдың ғой
Салмақ салдың ғой көңілге

Гүлдей жайнаған, құстай сайраған
Күліп ойнаған кезімде
Күйіп жанбашы еркімді алмашы
Құрық салмашы сезімге
Күйіп жанбашы еркімді алмашы
Құрық салмашы сезімге

Айдай қалқиын күндей балқиын
Өрттей шарпыған лебіңе
Қарап қалмашы, қанат байлашы
Бірге самғашы көгіме
Қарап қалмашы, қанат байлашы
Бірге самғашы көгіме
Қарап қалмашы, қанат байлашы
Бірге самғашы көгіме

Туған жер

Халық әні

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңды-ай!

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға-жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе!
Туған жер, енді амал бол!

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Ақ сұнқарым

с. М.Әлімбаев
ә. Ш.Қалдаяқов

Есімде гүл терген кез көктемеде
Есті қыз ер жігітті шет көре ме?!
Қапысыз, қайырылмастай, құлай сүйсең
Құрбыжан құр бекерге өкпелеме!

Батырым — баяндым
Ақ көңіл — аяулым
Дарқан той — базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге
Шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар
Сында да бірге ақсұнқар

Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан-жүрек бір өзіңе тапсырарым
"Сіз" деген әзіл сөзден шошып қалсаң
Сен дейін баяғыша ақсұнқарым!

Батырым — баяндым
Ақ көңіл — аяулым
Дарқан той — базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге
Шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар
Сында да бірге ақсұнқар

Ақ босаға

 

с. С.Желдербаева
ә. М.Рүстемов

Қыз аттаған келін кеп ақ босаға
Ақ босаға, мерейлі бақ босаға
Қасиетті халқымның дәстүріне
Куә боп ғасырлар жатты осы ара

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
"Абысың тату болса, ас көп" деген
Мақалдың айтылуы тегін бе еді

Қариялар батасын береді екен
Бата деген ақ тілеу керек екен
Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Бір шаңырақ келінсіз көтерілмей
Бір кереге келінсіз керілмеді

Татулықпен тамсантқан ауылымды
Ардақ тұтқан аға-іні, бауырымды
Іззеті мол қазақтың келіндері
Бағалаттың баршаға қадіріңді

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай
Көл дария секілді пейілдері-ай
Сол келіндер арқасы, босағадан
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді

Жас жұбайлар – жас отау

с. Шөмішбай Сариевтікі
ә. Кеңес Дүйсекеевтікі

Толқып тасқан теңіздей,
Аққулардың егізіндей,
Қос қанаты сияқты жас жұбайлар — жас отау.
Көктемнің қос бүріндей,
Жаңа ашылған гүліндей.

Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Оңды болсын талабың,
Құтты болсын қадамың.
Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Жас жұбайлар — жас отау,
Құтты болсын, тойларың.

Жайсаң жастық төрінен,
Ата дәстүр жолымен,
Ақ босаға аттаған жас жұбайлар — жас отау.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.

Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Оңды болсын талабың,
Құтты болсын қадамың.
Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Жас жұбайлар — жас отау,
Құтты болсын, тойларың.

Кім едің сен

 

с. С.Жиенбаев
ә. Ә.Бейсеуов

Балғын жүзі албырап алау атқан
Балапандай қанатын жаңа қаққан
Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен
Ақ сәулеге оранып бара жатқан

Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда
Көз алдымда тұратын

Аққуға ұсап ойнаған айдын көлде
Орамалың желбіреп таңғы желге
Айдалада абайсыз жолыққандай
Жанарымнан жасқанып қалдың неге?

Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда
Көз алдымда тұратын

Күнде алдымнан шығасың таң алдында
Ақша бетің албырап алау нұрға
Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен
Арман үшін, қалқам-ау, жаралдың ба?!

Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда
Көз алдымда тұратын

Шынайы махаббат

ор. "Таң нұры" тобы

Бір жігіт үйленді жақында
Білмейді жарының атыңда,
Достары үйіне әкеліп берген соң
Ие болып қалған ғой жас қызға

Жас сұлу отырмай жылайды
Бұрын ол көрмеген мұндайды
Әр кімге жәүтеңдеп, жеңгейге жалынып
Басына бостандық сұрайды

Жеңгесі орнынан тұрады
Жас сұлу алдына құлайды
Ызага бұланып жеңгейге жалынып
«Махаббат қайда» деп сұрайды

Махаббат дегенің қолдағы
Деп жеңгей қайнысың қолдады
Бахытты болсаңдар егерде екеуің
Шынайы махаббат солдағы

Сол жерде бір кемпір тұр еді
Бұл кемпір бұлай деп сөйледі
Жас кезде махаббат дегенді білмеппіз
Деп кемпір сол жерде күледі

Сол кезде сыртқы есік ашылды
Ішке бір жас жігіт атылды
Шыдалмай жас сұлу
Жігіттің мойнына орала-орала асылды

Бұл жігіт сұлудың сүйгені
Бұларды барша жұрт біледі
Бахытты жандарға хиянат жасауға
Қалайша барды екен жүрегі

Прислал: Жанболат

Еркетайым

 

с. С.Жиенбаев
ә. Д.Ботбаев

Кең даланың кер маралы, күн қызығар келбетіңе
Келші бермен — тгізбейін жел бетіңе
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Көк аспанның күмбезінде жаңа туған ай секілді
Ақ дидарың нұр таратсын жер бетіне
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Кер даланың кер маралы, жалт еткенде көз жанарың
Елжіретер жан-жүрегін бозбаланың
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Балбыраған балаусадай енші менің құшағыма
Деп жүрейін мәңгі-бақи өз қарағым
Келші бермен, еркетайым
Бірге шалқып, бір күлейік
Қос аққудай бір жүрейік

Ақ қанат, ақ құсым

 

с. И.Сапарбай
ә. Ұ.Жолдасов

Ақ қанат, ақ құсым
Сен маған бақпысың
Сен едің періштем
Жүрегімде
Жүрегімде аялаған

Армандай ақ таңым
Сағынсам тәтті әнім
Сен едің әппағым
Жүрегімде жүрегімде саялаған

Айдынның құрағы
Аққудың саңары
Жаныма нұр сепкен
Жарығым ең, сарғайдым мен
Сағынумен
Мамырдың ауасы
Махаббат дауасы
Өтейін өзіңе
Табынумен өртеші сен
Жалыныңмен

Бал шырын сезімсің
Бақытты кезімсің
Тағдырым өзіңсің
Жүрегімде жүрегімде паналаған

Аяулы таң құсым
Әлемде бармысың
Әлде сен жанбысың
Жүрегімде жүрегімде жаралаған

Айдынның құрағы
Аққудың саңары
Жаныма нұр сепкен
Жарығым ең, сарғайдым мен
Сағынумен
Мамырдың ауасы
Махаббат дауасы
Өтейін өзіңе
Табынумен өртеші сен
Жалыныңмен

Айдынның құрағы
Аққудың саңары
Жаныма нұр сепкен
Жарығым ең, сарғайдым мен
Сағынумен
Мамырдың ауасы
Махаббат дауасы
Өтейін өзіңе
Табынумен өртеші сен
Жалыныңмен