Қазақстан жалауы

с. С. Жиенбаев
ә. Н. Дүкенбай

Желбірейді жалаулар,
Оң қолында сәбидің.
Желбірейді жалаулар,
Балконында әр үйдің.

Сүйесін ғой далаңның,
Гүл жайнаған алабын.
Білесің бе сен бірақ,
Қазақстан жалауын.

Көкшіл – жасыл ол дағы,
Білуің жөн сенің де.
Ортада бар қыраны,
Бостандықтың ұраны.

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Аялдама

 

с.,ә. А.Жақсыбаев

Көктөбенің гүліндей көркем едің
Жанарыңмен жаныма еркеледің
Аялдама астында жолықтырған
Күнекейдің өзіндей еркем едің

Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама

Тіршіліктің көлігі сабылысқан
Саған деген көңілім алып ұшқан
Өзің жаққа қараймын жалтақдаумен
Жаралған жан сенбісің сағыныштан

Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама

Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама
Аялдама
Жаңға шуақ жайылған баяу ғана
Қоштасудың көлігі таяуда ма
Кетсек-ау деп ойлап ем жаяу ғана
Аялдама

Сұршақыз

 

Жаяу Мұсаның әні

Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз
Дарияның жарға соққан толқынындай
Көз салған көрінгенге көңіл арсыз

Әндір, әндір, әндір-ай
Ішімді оттай жандырды-ай
Ғашық болып қосылып
Құмарымды қандырды-ай
Сөйтіп жүрген Сұршақыз
Көкшетауда қалдырды-ай
Ахау, Сұршақыз, енді есен бол!

Неше жыл жүрсемдағы мен айдауда
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам
Сұршақыз, көрісерміз Баян тауда

Әндір, әндір, әндір-ай
Ішімді оттай жандырды-ай
Ғашық болып қосылып
Құмарымды қандырды-ай
Сөйтіп жүрген Сұршақыз
Көкшетауда қалдырды-ай
Ахау, Сұршақыз, енді есен бол!

Ақ мақта

ә. Мұқан Төлебаевтікі
с. Нұтфолла Шәкеновтікі

Жан едім көп сенімін, серт ақтаған,
Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан.
Мен де бір ауылымның жұлдызымын,
Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.

Еңбегіңмен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Құрбыжан, қарай берме көп қадалып,
Әзіл сөз сен жөнінде жүр таралып.
Алыстан сығаламай, ауылға кел,
Теруге ақ мақтаны бір баралық.

Еңбегіңмен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Елімнің көңіліндей кең даламыз,
Кел, біздің ауылымызға қарсы аламыз.
Толқыған ақ алтынның ортасында,
Шырқатып «Мақта» деген ән саламыз.

Еңбегіңмен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Жамбыл ата

Зікірияұлы Әкімхан

Ей! Бұлбұлы заманымның ей, Жамбыл ата.
Тәтті әнге, асыл жырға даңғыл ата-ау.
Туған жер, өскен елдің арасында
Жырлаған тоқтамастан сан жыл ата.

Оу! Тарих орын берген-оу, асылдарға,
Сөнбейтін от-жалыны жасындарға.
Даңқыңыз, атағыңыз айтылмақшы,
Ұрпақтан ұрпақтарға, ғасырларға.

Жамбыл ата,
Жырлаған сан жыл, ата,
Риза бол ұрпақтарға,
Бергін бата, Жамбыл ата!

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Ахау, керім

 

Халық әні

Айналайын қарағым алтыным-ай
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай
Көрмегелі көп айдың жүзі болды
Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай

Ахау, керім, бұраң белім
Күнде жиын күнде той
Жүрген жерің

Ризамын жан қалқа сертке жетсең
Қиын-қыстау жерлерден аман өткең
Бір шыбындай жанымды құрбан етем
Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең

Аяй сарым сәуле жаным
Сағынғанда қайда едің
Ғашық жарым

Сіз асыл зат қалқатай сағаттағы
Көңілімді сүйген жар табад-тағы
Көңілімді сүйген жар таппай кетсе
Көңіл шіркін қайтейін қалад-тағы

Аяй керім мөлдір көзің
Әлі есімнен кетпейді
Айтқан сөзің
Ахау, керім, бұраң белім
Күнде жиын күнде той
Жүрген жерің

Сарыарқа

 

с. Ш.Сариев
ә. С.Байтереков

Сағынышты Сарыарқам кеңді аймағым
Туған жерім шұрайлы бал қаймағым
Ел бағына жаралған кең өлкемнің
Күй құшағын тербеткен, ән қойнауын
Күй құшағын тербеткен, ән қойнауын

Сарыарқа қайда жүрсем сағынышым
Туған өлкем-ән-күйдің тәңірісің
Жазиралы даламыз жаралғандай
Сенің салған Сарыарқа
Әнің үшін

Баянауыл, бір шеті Қарқаралым
Қайсыбірін өлкемнің айта аламын
Бәрі сыйған бір ғана Сарыарқа
Сарыарқам деп толғанып, қайталадым
Сарыарқам деп толғанып, қайталадым

Сарыарқа қайда жүрсем сағынышым
Туған өлкем-ән-күйдің тәңірісің
Жазиралы даламыз жаралғандай
Сенің салған Сарыарқа
Әнің үшін

Туған өлкем, гүлді өлкем бар осындай
Қымбат маған көзімнің қарасындай
Қазағымның Сарыарқа егіз аты
Домбырамен үндескен даласындай
Домбырамен үндескен даласындай

Сарыарқа қайда жүрсем сағынышым
Туған өлкем-ән-күйдің тәңірісің
Жазиралы даламыз жаралғандай
Сенің салған Сарыарқа
Әнің үшін

Сарыарқа қайда жүрсем сағынышым
Туған өлкем-ән-күйдің тәңірісің
Жазиралы даламыз жаралғандай
Сенің салған Сарыарқа
Әнің үшін

Ақ жайық

 

с.,ә. Ғ.Құрманғалиев

Ақжайық бұйра толқын толған арнаң
Жағаңда шың, бәйтерек, калың орман
Суың бал, шөбің шүйгін, аралың кең
Жағаңда ерке өсті біздей балаң

Сылдыр қағып сыбдырлап
Тоқтама, мәңгі толқып ақ
Өзегіңнен өріп тұр
Мың құлпырып мынау бақ

Желегін желкілдетіп жел қайықтың
Аралын шарлап өтім мен Жайықтың
Сан ғасыр сарқылмастан мәңгі жасап
Көзі боп құлпыра бер ен байлықтың

Сылдыр қағып сыбдырлап
Тоқтама, мәңгі толқып ақ
Өзегіңнен өріп тұр
Мың құлпырып мынау бақ

Сен екеуміз

с. Төлеген Мұқаевтікі
ә. Жұматай Тезекбаевтікі

Табайын деп түнді іздеп күн келеді,
Күн соңынан ентігіп түн келеді.
Бірін-бірі осылай қуысумен,
Дөңгелейді уақыттың дөңгелегі.

Біз үшін де сан жылдар дөңгеледі,
Әр жыл алға өз жүгін өңгереді.
Шыр-көбелек осылай айналдырып,
Зыр жүгіртіп келесің сен де мені.

Кезім бе екен уақыттан сыр ұқпайтын,
Жүрегімде жүре ме тұнып қайғым.
Күн мен түндей өте ме тағдырымыз,
Бұл дүниеде ешқашан жолықпайтын.

Махаббат вальсі

 

с. Н.Шәкенов
ә. Б.Жамақаев

Таң атқанда гүл бағын суарамын
Күнде ертемен өзеннен су аламын
Алтын сәуле көремін сол бір шақта
Сенің нұрың болар деп қуанамын

Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан

Сағынышпен күтемін әрбір таңды
Жақсы үмітпен арнаймын толқын әнді
Бақытымдай жалт еткен жанарыңнан
Ұшқын түсті жаныма өшпес мәңгі

Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан

Өзің сүйіп аңсаған ардағыңмын
Өзің едің жұлдызы арманымның
Көгершіндей ұялап көңіліңе
Жүрегіңде табысқан жан жарыңмын

Жаным деп маған үн қатқан
Жүрекпен сүйіп ұнатқан
Бақытым менің
Таппаспын теңін
Махаббат гүл атқан