Жазира жерім

ә. Базарбай Жұманиязовтікі
с. Хасен Әдібаевтікі

Туған жерім – гүл-көктем тұнып жатқан,
Байтақ елім – бақытым, ашық аспан.
Дария-дәурен жанымды жырға бөлеп,
Анамыздай аялап нұрын шашқан.

Кең далам, кең далам, тірегім,
Саяңда, саяңда – түледім.
Сенімен, сенімен, туған жер,
Жастықтың жалыны, жазира тілегім.

Үміт құсы шарықтап аспанымда,
Қайрат құйды толқыған жас жаныма.
«Отаным!» деп жан берген Әлияңдай,
Бір әнің боп қалайын дастаныңда.

Кең далам, кең далам, тірегім,
Саяңда, саяңда – түледім.
Сенімен, сенімен, туған жер,
Жастықтың жалыны, жазира тілегім.

Сеніменен мен бармын, туған елім,
Сеніменен байтақпын, асқар белім.
Жігеріммен жайнатып жазираңды,
Сеніменен құлпырдым, дарқан жерім.

Кең далам, кең далам, тірегім,
Саяңда, саяңда – түледім.
Сенімен, сенімен, туған жер,
Жастықтың жалыны, жазира тілегім.

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *