Ақкөлден ұшқан аққулар

ә. Әсет Бейсеуовтікі
с. Серік Тұрғынбековтікі

Ақкөлден ұшқан, аққулар,
Қай жаққа қанат қақтыңдар,
Қай жақтан тағат таптыңдар,
Айналып қайта қоныңдар,
Ақкөлден ұшқан, аққулар.

Аққулар — әні елімнің,
Аққулар – сәні көлімнің,
Аққулар әні,
Аққулар – сәні көлімнің.

Белдерге қарай беттеңдер,
Көлдерді тастап кетпеңдер,
Алысқа сапар шекпеңдер,
Бір жасап қалсын мәз болып,
Сендерді көріп көк пен жер.

Аққулар — әні елімнің,
Аққулар – сәні көлімнің,
Аққулар әні,
Аққулар – сәні көлімнің.

Шектесіп ұшқан аққулар,
Көк төсін құшқан аққулар.
Қалыңдар қыстап, аққулар,
Кезеніп мылтық жүрмесін,
Кезігіп дұшпан, аққулар.

Аққулар — әні елімнің,
Аққулар – сәні көлімнің,
Аққулар әні,
Аққулар – сәні көлімнің.

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *