Қазағымның байлығы

с., ә. Жарылқасын Тұрлыбековтікі

Өмірдің аяқ — ақпаны,
Жүректен сая таппады,
Мейірімнің аптабы,
Ақылы, Ары — мақтаны.
Жалынын жастық шақтағы,
Ұрпаққа сый ғып сақтады,
Қазағымның қарттары.

Қарашы, досын, тұр-дағы
Ауылға әсем қырдағы.
Махаббат тұнған гүл бағы,
Қызғалдақ өскен қырлары,
Елімнің сұлу сырларын,
Паш етіп көктем жырлады,
Қазағымның ұлдары.

Секілді мұнар шыңдағы,
Есіңнен кетпес тұз-дәмі.
Жаз болып атар күз таңы,
Өзіңді құшса қыз жаны.
Соқса да тұрмыс ызғары,
Ұясын алтын бұзбады.
Қазағымның қыздары.

Құдыреті — шырын гүлдегі,
Жұлдыздай нұрлы түндегі.
Шашуы — шуақ күндегі,
Ауылы баққа іргелі,
Даламмен үндес үндері.
Толқытып жанды биледі,
Қазағымның күйлері.

Ақ нөсер болып ашылған,
Қуатын алған жасыннан.
Шұғыла — арман шашылған,
Бойыма сіңген жасымнан.
Самал боп ескен ән лебі,
Өмірдің тозбас сәндері,
Қазағымның әндері.

Ақ гүлім (ә.Б.Байкенжеев)

с. А.Сопырбеков
ә. Б.Байкенжеев

Сені іздеймін алаңдап дүрсілдейді бұл жүрек
Сені ойладым сағынып күндіз-түні елжіреп
Қырық қыздың ішінде барамысың көш бастап
Мен Төлеген болғанда
Өзің болдың Қыз Жібек ақ гүлім

Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай ақ гүлім

Бір өзіңсің арманым мен өзіңе сенемін
Қысыласың сен неге біле алмадым себебін
Сырыңды айтшы күлімдеп қарашы бір мөлдіреп
Қозы-Көрпеш мен болсам
Баян Сұлу сен едің ақ гүлім

Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай ақ гүлім

Талай сұлу көргенде өзің келдің бәйгіден
Қондырам ба қолыма әппақ болған айды мен
Ұзамашы сен еді құшағыма оралшы
Кем емессің сен маған
Мәжнүн сүйген ләйліден ақ гүлім

Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай

Ақ гүлім бір өзіңсің аңсаған
Ақ гүлім саған арнап ән салам
Ақ гүлім бір өзіңді қарсы алам
Мөлдіреген ақ таңдай
Таңда туған Шолпандай ақ гүлім

Қамажай

 

Халық әні

Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Қолында Қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп
Көрмесе жарта сағат тұра алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Ертістің жағалауын жағалаймын
Мұз болса көк бестіні тағалаймын
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Мал жаъсы жылқы деген бағып жүрсе
Монына үкі-тұмар тағып жүрсе
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп
Аулына Қамажайдың барып жүрсе

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Айналайын елімнен

с. М. Әміржанов
ә. Н. Дүкенбай

Айналайын туған елімнен,
Байтақ жатқан құтты жеріңнен.
Ұл-қызыңа шалқып әрдайым,
Орын берген сыйлы төріңнен.

Бұлбұл құстай шырқап сайраймын,
Жас құрақтай көктеп жайнаймын.
Теңдік алған шалқар еліме,
Еңбек етем шаршап-талмаймын.

Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.

Майра апамдай сазды сызылтып,
Ән шырқаймын түрлі құбылтып.
Иса ағамдай ағып тасқындап,
Жыр ағытам шалқи шұбыртып.

Дина болып жауып нөсерлеп,
Күй тартамын төгіп әсерлеп.
Ата салтын биік қастерлеп,
Өрнек салам сәндеп-мәнерлеп.

Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.

Ұршығындай асыл әжемнің
Шыр айналып еркін билеймін.
Домбырама барлық әлемнің,
Әнін салып баптап күйлеймін.

Үлкен өнер қилы жолында,
Жалығуды әмсе білмеймін.
Нұрын шашқан күллі жаһанға,
Жарқыраған ашық күндеймін.

Айналайын биіңнен, айналайын күйіңнен.
Шағаладай ақ күмбез, айналайын үйіңнен.
Айналайын әніңнен, айтылатын мәнімен.
Айналайын туыңнан, желбіреген сәнімен.

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Арманым

с., ә. И. Сапарбаевтікі

Жанымның мұңын, сырын білмейсің,
Ей, Арманым.
Жалт етіп өшкен,
Көңілден көшкен
Шырын күндейсің, Арманым.

Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,
Ей, Арманым!

Ғашықтың іңкәр көздеріндейсің,
Ей, Арманым!
Бақ пенен сордың
Жоқ пенен бардың
Безбеніндейсің, Арманым.

Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,
Ей, Арманым!

Алдымнан қашқан ақбөкенбісің,
Ей, Арманым?
Беймезгіл уақта,
Белгісіз жаққа
Ап кетермісің, Арманым?!

Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,
Ей, Арманым!

Тапқыр Самат

с. Н.Әлімқұлов

Балалар әні

Самат отыр ойланып,
Сан кестесін ұмытты:
"Бес жерде төрт қанша?" — деп
(Қара мына қызызкты)

Амал керек табанда,
Қайтсем есеп шығады?!
Телефонды алды да
"Ноль — тоғыздан" сұрады

Кенет айла табылып,
Жауап алды сол мезет
Қиналмай-ақ Саматым
Жазып алды "жиырма" — деп

Ақ Жайық

ә. Ғарифолла Құрманғалиевтікі
с. Ғафу Қайырбековтікі

Ақ Жайық, асыл өзен, дария суым,
Шертілер сенен бөлек бар ма сырым.
Мен өстім толқыныңда аунап сенің,
Жағаңда жатып тыңдап орман шуын.

Күміс өзен күмбірлеп,
Сыр құясың жаныма.
Сіңгендейсің бір-бірлеп,
Туысымдай қаныма.

Жағаңда қалды біздің балалық шақ,
Толқынмен ойнап өттік аударыспақ.
Арман не, өмір-теңіз арнасына,
Сарқылмай құя берсек саған ұқсап.

Туған өзен Ақ Жайық,
Тербет бізді тағы да.
Барып қайтсам, шіркін-ай,
Сонау сәби шағыма.

Прислала: Жанар Омарова (Павлодар)

Аралдан ұшқан аққулар

 

с. Ш.Сариев
ә. С.Бәйтереков

Құстардың қайда базары
Тарқаған түсіп ажары
Жаралы жүрек жадардай
Төмендеп теңіз назары
Бұлттардай жүзген ақ ала
Жападан жалғыз шағала
Қоштасқан қайран Аралмен
Қайғылы мұңды жағада

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны — Өмір ең, Аралым

Жыл сайын көктем жетеді
Сені іздеп құстың мекені
Ұясыз қалған аққулар
Қона алмай ұшып өтеді
Айдыңды шалқар Аралым
Балалық шағым жанарым
Айдында жүзген құсың ем
Алыстап кетіп барамын

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны — Өмір ең, Аралым

Қия алмай қанат қағады
Қона алмай ұшып барады
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым
Ең алғаш сені көріп ем
Аққуды теңіз көгінен
Толмайтын орны — Өмір ең, Аралым

 

Әдемі-ау

 

с. Б.Тәжібаев
ә. Е.Хасанғалиев

Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді
Күдерін құштарынан бір үзбейді
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!

Арына махаббаттың шырай керек
Шын сүйген азабына шыдайды көп
Ән айттым, арнап саған, ұнайма
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек

Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау

Өзің ғой өміріме сән берген де
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма
Ақ қайың самал желмен тербелгенде

Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма
Өзгелер сені мендей сезе алар ма
Ақ толқын жағалауға асыққанда
Айым-ау, сен келесің көз алдыма!

Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау

Қарқаралы

 

Мәдидің әні

Атыңнан айналайын Қарқаралы
Сене бұлт, менен қайғы тарқамады
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай
Мен бір жан куғын көрген Арқадағы

Басында үш қараның балғын едім
Көкорай сазға біткен шалғын едім
Екінің бірі болсам арманым жоқ
Мен туған бір атадан жалғыз едім

Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін
Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін
Кір жуып кіндік кесіп туған жерлер
Артына бір қарамай қалды-ау деймін

Немене, көрген қызық көрмегендей
Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей
Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе
Қайрап ап қалың жауға сермегендей